Бронхит кезінде жасалатын тыныс алу жаттығулары
Бронхит ― бронхтардың қабынуы, ол кез-келген түрде болуы мүмкін: вирустық, бактериялық, химиялық зақымдалу салдарынан және өзге де тітіркендіруші факторлар себепті. Ауру жиі кездеседі, оған балалар да, үлкен адамдар да шалдығады және ол созылмалы немесе жіті формада өтуі мүмкін. Әр адам өз өмірінде бронхитпен бір рет болсын ауыратыны және оның негізгі белгісі – қақырықты жөтел екенін білетіні даусыз. Жіті бронхиттен кейін жөтел бірнеше айға созылуы да мүмкін. Онымен қалай күресеміз және одан тезірек сауығу үшін не істеуіміз керек?
Бронхитті қалай емдейміз
Бронхитті емдеу кешенді түрде жүреді, бірақ тыныс алу қызметін қалпына келтірудегі маңызды құрамдастардың бірі ― тыныс алу жаттығулары. Арнайы жаттығулар көкірек қуысы мен диафрагманың бұлшықеттерін нығайтуға көмектеседі, қақырықтың шығуын жақсартады, газ алмасуын қалпына келтіреді, яғни сауығуды жеделдетеді. Ересектерге де, балаларға да бұл жаттығуларды жасауға кеңес беріледі, алайда бірқатар нюанстары бар.
Балаларға арналған тыныс алу жаттығулары
Сәбилер үшін тыныс алу жаттығуларының маңызы орасан зор.
Себебі, балалар, әсіресе бір жасқа дейінгі сәбилер дұрыс
жөтеле білмейді. Егер қақырық көп болса, және кішкентай
пациент қақырық түсіруші дәрілерді қабылдап жүрсе, тыныс алу
жаттығуларынсыз, қақырық бронхтардың төменгі бөліктерінде
жиналып қалуы мүмкін. Бұл жайт көбінесе асқынып, пневмонияға
айналады.
Балалармен жаттығулар ойын түрінде
өткізіледі. Балаларға солай көңілдірек болады және олар
қимылдарды жақсы меңгереді. Жаттығулар ауаны ішке тарту мен
кері қарай шығаруды қалпына келтіруге, жөтелмен итерудің
сапасын жақсартуға бағытталады.
Балаларға
төмендегі жаттығуларды жасаған ұнайды:
- “бақбақ”, ауа мұрын арқылы тартылып, ауыз арқылы баяу шығарылады;
- “ара”, ауаны шығарған кезде бала өзін-өзі құшақтайды, ал ауаны ішке тартқан кезде қолды жайып, қанатын қаққан араның қимылын жасайды және ара құсап ызыңдайды;
- “паровоз” ― сәби мұрынымен терең тыныс алады, ал демін сыртқа шығарғанда бөлмеде “чух-чух” деп, паровоз құсап жүреді, яғни бүгілген қолдарымен паровоздың жүрісіне ұқсас қимылдарды жасайды;
- “түтікше” ― балаға сұйықтықты ішуге арналған түтікше, су құйылған ыдыс (стакан) беріледі және мұрынмен дем алып, ауаны түтікше арқылы суға шығару сұралады. Суда көңілді бүлкілдеу пайда болады.
Бір маңызды шарты ― барлық жаттығуларды баланы шаршатпастан орындату қажет. Аурудан әлсіреген баланың басы айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда отырып, уыс болып жиналған алақанына жайлап терең дем алу керек.
Ересектерге арналған тыныс алу жаттығулары
Ересектермен саналы түрде жұмыс жасауға және көбірек міндеттерді шешуге болады. Жасы үлкенірек адамдар үшін жалпы нығайтатын жаттығулар, аппараттық әдістемелер, авторлық кешендер, мысалы Стрельникованың немесе басқа авторлардың жаттығулары бар. Пациенттердің ерекшеліктері мен сұраныстарына қарай жаттығулар курсы жеке таңдалады. Сондай-ақ, балаларға да, ересектерге де, әрі қарай жаттығуларды қатесіз жасау үшін, алғашқы курсты жаттықтырушымен өткен дұрыс.
Тыныс алу жаттығуларын қай кезде жасауға болмайды
Тыныс алу жаттығуларын жатып қалған ауыр науқастарға, мысалы
аппараттың қолдауындағы науқастарға да жасауға болады. Бірақ
бұл жағдайда кешенді және жаттығуларды реабилитолог дәрігер
жүргізуі тиіс. Үй жағдайларында белсенді тыныс алу
жаттығуларын дене қызуы көтерілгенде, қатты әлсіздік кезінде
жасауға кеңес берілмейді. Алайда, “түтікше” және “бақбақ”
жаттығулары тіпті қатты әлсіреген адамдарда да қақырықтың
шығуына көмектесе алады. даже у тех, кто сильно недомогает.
Таза ауада серуендеудің өзі тыныс алу жаттығуы болып
саналатынын есте сақтаған маңызды. Бронхиттен кейін оңалу
кезінде қозғалу қажет, сондықтан серуендеуді ұмытпаңыз.
Ересектер өзімен бірге скандинавиялық жүріске арналған таяқты
алып шығуына болады, ал балалар жай серуендеп, секіріп, жалпы
өзін бала сияқты ұстаса жеткілікті.
Аман-сау болыңыздар!
Пайдалыналған әдебиет:
- Минникова Н. В., Трофимова Я. А. А. Н. Стрельникованың тыныс алу жаттығуларын жоғары сынып оқушыларында пайдаланудың тиімділігін бағалау // Ғылым-2020 / № 4 (15).— 2017.
- Серазетдинова Л. И., Утегенова Н. Р., Шайдуллина Г. Г. Тыныс алу жаттығуларының техникасы сауығу жүйесінің компоненті ретінде: Оқу-әдістемелік құрал / Қазан: Қазан университеті, 2016.
- Балаларға арналған тыныс алу жаттығулары ― Климович Э.В. 2022 ж.
- ҚР ДСМ ДСДРО ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары Ересектердегі созылмалы бронхит (2013)